Жетісу облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптама тағайындалды

Жетісу облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Жетісу ПД

Ақсу ауданындағы Алматы-Өскемен тас жолының 336-шақырымында жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша, Lada Priora жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Windom көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Lada Priora жүргізушісі, оның екі жолаушысы, сондай-ақ Toyota Windom көлігінің бір жолаушысы қаза тапты. Зардап шеккен бес адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жеке тұлғасы анықталып жатыр.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптама тағайындалды.