1167
Жаңбыр, қар, тұман: бүгін ауа райы қандай болады?
23 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады, деп жазады turkystan.kz.
Сонымен қатар атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен еліміздің солтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түседі, шығыста көктайғақ болады.