885
Оңтүстік Корея тұрғындары үй жануарларының орнына тас сатып алып жатыр
Олар тастарды жаңа үй жануарлары деп атай бастаған.
Шамадан тыс жұмыс істейтін 35-40 жастағы Оңтүстік Корея тұрғындары үй жануарларының орнына тас сатып алып жатыр. Бұл – олардың күйзеліс және жалғыздықпен күресі, деп жазды Wall Street Journal.
Енді оңтүстік кореялықтар үшін тас – үнсіз дос: оны қалтаға салып алып жүруге, проблемаларды айтуға, серуендеуге шығаруға болады. Және жауапкершілік жоқ.
Олар тастарды жаңа үй жануарлары деп атай бастаған.