Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

Ол жаңа қызметке 18 наурызда кіріскен.

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Ғарышкер Айдын Айымбетов «Бәйтерек» БК» АҚ-ны басқарды. Бұл туралы Республикалық ғарыштық байланыс орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айдын Айымбетовтың жаңа қызметке кіріскені 18 наурызда, дәлірек айтқанда Республикалық ғарыштық байланыс орталығының 20 жылдығына арналған іс-шара барысында белгілі болды.

Айта кетейік, 2021 жылдың қыркүйегінде Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Айдын Айымбетов – қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры.