Түркістан облысында ер адам әйелін пышақтап, өзіне қол салған

Әзірге ресми орган ақпарат беруден бас тартты.

Түркістан облысында ер адам әйелін пышақтап, өзіне қол салған
baigenews.kz

Түркістан облысы Сайрам ауданында ерлі-зайыптылар арасында болған жанжалдың соңы қайғылы жағдайға ұласты, деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, күйеуі әйеліне пышақ салмақ болып  ұмтылғанда суық қару мойнына тиген. Кейіннен ер адам өзіне бірнеше рет пышақ сұққан.

«Көлікпен Асар шағынауданына дейін қансырап жеткен ерлі-зайыптыны «Арлан» арнайы жасағы қуып, арнайы белгі беріп, әзер тоқтатқан. Жараланғандарды екі жедел жәрдем көлігі келіп, алып кеткен», – делінген хабарламада.

Дәл қазіргі уақытта 1989 жылы туылған ер адам ауруханада ауыр халде жатыр.

«Оған бас ми суйегінің жабық жарақаты, бас ми шайқалуы, бас төбе бөлімі кесілген жарақаты, іш аймағының ашык енген кесілген жарақаты. Сол жақ сан ортан бөлігі  жарақаты диагнозы қойылған», – делінген хабарламада.

Әзірге ресми орган ақпарат беруден бас тартты.