Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы.

Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
pixabay

«Қазгидромет» РМК сейсенбі, 19 наурызда Атырау, Ақтөбе, Алматы, Теміртау қалаларында және түнде Қарағандыда атмосфералық ауаның ластануы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

  • Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
  • Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.