Ақтөбе облысында жолды су шайып кетті (ВИДЕО)
Оқиға орнына аудан әкімі Жанболат Жидеханов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Ринат Сатаев арнайы барды. Жағдай аудан басшының тікелей бақылауында.
Бүгін республикалық Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз автомобиль жолының 232 шақырымында Ұлпан ауылының тұсында автомобиль жолын еріген қар суының жолды шайып кетті. Бұған дейін аталған аумаққа 300 қап құм төселген. Алайда, еріген қар суының деңгейінің өсуі салдарынан жолды су шаю жағдайы орын алды.
Оқиға орнына аудан әкімі Жанболат Жидеханов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Ринат Сатаев арнайы барды. Жағдай аудан басшының тікелей бақылауында.
Автомобиль жолының су шайған аумағына Шалқар ауданындағы КТЖ филиалынан 22 адам, 1 камаз (вахтовка), №7 өрт сөндіру бөлімінен 4 адам, аудандық ТЖБ 1 адам мен 1 техника, "Энергосистема" АҚ Шалқар бөлімшесінен 4 адам, 1 техника, "Казсервис" ЖШС-нен 12 адам, 4 техника, жеке кәсіпкерлерден 4 адам мен 4 техника жұмылдырылдылып, су басу салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде.
Аудан әкімдігі тұрғындардан республикалық Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз автомобиль жолы 232 шақырымында автомобиль жолының су басу салдарын жою бойынша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты аталған бағыттағы жолға шықпауларын сұрайды.