Иордания Парламентінің депутаттары Қазақстанның жүргізіп жатқан реформаларын жоғары бағалады

Корольдік Парламентінде Қазақстан Елшісі Айдарбек Тұматов пен Иордания Өкілдер палатасының депутаттары – Қазақстан-Иордания парламентаралық достық тобы мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Иордания Парламентінің депутаттары Қазақстанның жүргізіп жатқан реформаларын жоғары бағалады
сурет: Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтынан алынды

Иордания Парламентінің депутаттары Қазақстанның жүргізіп жатқан реформаларын жоғары бағалады, бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Корольдік Парламентінде Қазақстан Елшісі Айдарбек Тұматов пен Иордания Өкілдер палатасының депутаттары – Қазақстан-Иордания парламентаралық достық тобы мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Парламент мүшелері Қазақстанның күш-жігеріне жоғары баға беріп, екі мемлекеттің, әсіресе инвестициялық, энергетикалық, көліктік және туристік бағыттардағы өзара іс-қимылын одан әрі нығайтудың маңыздылығын белгіледі. Депутаттар екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашудың өзектілігін атап өтті.

Қазақстанның Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсету, сондай-ақ Палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне (БАПОР) қолдау көрсету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалай отырып, Иордания тарапы Палестина-Израиль қақтығысын тезірек аяқтауға жәрдемдесуді жалғастырудың маңыздылығын баса айтты.

Парламенттік достық тобының төрағасы Рамзи Әл-Аджармех Қазақстан-Иордания қатынастарының жоғары деңгейін атап өтіп, Иордания заң шығарушыларының парламентаралық диалогты нығайту, сондай-ақ перспективалы салалардағы екіжақты байланыстарды кеңейту жолдарын іздестіру бойынша бірлесіп жұмыс істеу ниетін растады. Осыған байланысты, ол парламентаралық ынтымақтастықты нығайту үшін парламенттік делегациялардың екіжақты сапарларын ұйымдастыруға мүдделілік білдірді.