Ер азамат деген атқа лайық емес екен: Анна Данченко бұрынғы сүйіктісі туралы
Мен күттім. Болмады.
Жуырда танымал журналист Анна Данченко әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бұрынғы сүйіктісінен қарызға берген ақшасын қайтаруды сұрағанда оның қоқан-лоқы көрсеткенін мәлімдеген болатын.
«Шыдамның да шегі бар. Үндемедім. Күттім. Сотқа жүгінуден басқа амалым қалмады. Бұрын жүрген жігітім ағасының еміне қарызға ақша сұраған. «Екі аптадан кейін қайтарамын» деп. Ол кезде біз бірге едік. Екі жыл өтті. Жақында ғана «анамның еміне қажет ол ақша» деп сұрадым. Оған бәрібір екен менің анамның денсаулығы. Әкемді жерлейтін кезде де өз ақшамды сұрадым. Қайтармады. Енді сұрасам маған қоқан-лоққы көрсетіп жатыр. Енді сұрақ, жігіт маған қарыз, оның үстіне бопсалайды. Бұл дұрыс па? Нағыз ер-жігіт осындай әрекетке бара ма? Сотта кездесеміз дедім, күлді», – деп жазған болатын.
Одан кейін ол бұрынғы сүйіктісінің дүйсенбі күні қарызды қайтаратынын жазып, уәдесінде тұруға тиіс екенін айтқан болатын. Алайда бүгін әлі қарызын қайтармағанын жазды.
«Ммм...Ақшадан хабар жоқ... Мен күттім. Болмады. Ер азамат деген атқа лайық емес екен...», – деп жазды журналист.