680
Түркістан облысында 29 жастағы әйел құдықтың құбырына құлап кеткен
Құтқару жұмыстарына ТЖД, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылған.
Түркістанда құдық құбырына құлап кеткен 29 жастағы әйел құтқарылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін сағат 09:18-де 1994 жылы туған азаматшаның Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 12:06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12:14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алды», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Құтқару жұмыстарына ТЖД, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылған.