820
Алматы облысында 3 жасар бүлдіршін іздестіріліп жатыр
Жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды.
Алматы облысында жоғалып кеткен үш жасар қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Tengrinews.kz сайтының дерегінше, бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен.
Полицияға кешке қыздың анасы хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды.
«Полицияға Куш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын жеткізді. Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді. Арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.