Сәрсенбі, 5 Қазан, 2022

Қозғалтқышы істен шыққан Air Astana ұшағы Алматыға шұғыл қонды

Air Astana компаниясының Астана-Алматы бағыты бойынша ұшқан ұшағының сол жақ қозғалтқышы істен шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Денис Кривошеев өзінің Facebook парашасында хабарлады. 

«Бүгін, 7-шін аурызда, Астана-Алматы бағыты бойынша ұшып бара жатқан Аir Astana КС672 Б752 рейсі апат дабылын қақты. Бұған себеп – сол жақ қозғалтқыштың істен шығуы. Нәтижесінде Боинг 757 регис P4MAS 11.16-да Алматыға қонды.

Ұщақ бортында барлығы 72 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған. «Бұл соңғы аптада болған екінші оқыс оқиға», – деп жазды Кривошеев.

Компания өкілдерінің айтуынша, дәл осы ұшақ қозғалтқышының біреуі бір ай бұрын ғана ауыстырылған. Кривошеев болса осы оқиғаға қатысты тұшақты жан-жақты тексеруден өткізуге шақырды.

Айта кетейік, 5 наурызда Алматы-Орал бағытында ұшқан рейс те апатты жағдайда Ақтөбеге қонған болатын.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button