822
Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры ұсталды
Мақсат Әріп аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін ұсталды.
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген адам БАӘ-де ұсталды.
ҚР ІІМ мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталды.
Ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен іздеуге жарияланған болатын, - делінген мәліметте.
Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарды.