Жел, жаңбыр, қар: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Жел, жаңбыр, қар: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ашық дереккөз
724

Қазгидромет 17-19 наурыз аралығындағы Астана, Алматы қалаларына қатысты ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Астана

17 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -13-15°C, күндіз: 0+2°C.

18 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -12-14°C, күндіз: +2+4°C.

19 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -2-4°C, күндіз: +2+4°C.

Алматы

17 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, жел болмайды. Ауа температурасы түнде: -3-5°C, күндіз: +5+ 7°.

18 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: -1+1°C, күндіз: +12+14°C.

19 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +3+5°C, күндіз: +14+16°C.

Серіктес жаңалықтары