911
Түркістанда жоғалып кеткен 5 жасар баланың денесі табылды
Іздеу жұмыстарына ТЖД, ЖАО және полицияның 93 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды
Түркістан облысында бір күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, 16 наурызда Түркістан облысының Біртілек ауылында 2019 ж.т. бала 15:00-де үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы ақпарат келіп түсті. Куәгердің айтуынша, суару каналында аяқ киім табылған.
Бүгін сағат 16:40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтықта тауып, судан шығарып алды, - делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстарына ТЖД, ЖАО және полицияның 93 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды.