Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға шапан жапты (ВИДЕО)

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды

Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға шапан жапты (ВИДЕО)
Видеодан алынған кадр

Танымал әнші Димаш Құдайберген атақты опера әншісі Пласидо Домингоға қазақы дәстүрмен шапан жапты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін өлеңге қосып, өз өлкесі­нің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген ХХ ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн - ертеңгі тарих, - деп жазды Димаш Құдайберген.