Астаналықтар жылуға 3 млрд теңге артық төлеген

Қабылданған шаралар нәтижесінде тұтынушыларға жылу тарифі 8 пайызға төмендетілді

Астаналықтар жылуға 3 млрд теңге артық төлеген
astanatv.kz
921

Елордалықтардың ақпандағы жылу тарифіне қатысты шағымдарынан соң, баға төмендетілетін болды, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

"Астана-Теплотранзит" мекемесінің қызметін талдау барысында көрсетілген қызмет көлемінің артуына байланысты негізсіз алынған табыс түріндегі заң бұзушылықтар анықталды.

Сондай-ақ жеке субъектінің теңгерімінде жоқ нысандарға бағытталған тариф сметасындағы қаражаттың мақсатсыз пайдаланғаны белгілі болды.

Осылайша қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, тұтынушылардың жалпы сомасы 3 149 711 000 теңгеге жуық қаржысы тариф аясында қалпына келтіріледі.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті негізсіз алынған табысты қайтару үшін "Табиғи монополиялар туралы" заңға сәйкес шаралар қабылдады. Қабылданған шаралар нәтижесінде тұтынушыларға жылу тарифі 8 пайызға төмендетілді, – делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары