1653
Ұлытау облысында жолда қалып қойған 4 жұмысшы құтқарылды
Олар таңғы уақытта 4 жеңіл автокөлік және 1 трактормен Жезқазған қаласынан Шалакөл кен орнына жол жүрген
13 наурыз күні сағат 22:35-те Жезқазған қаласынан 320 шақырым қашықтықта ТЖД күштерімен 4 жұмысшыны іздеу жұмысы жүргізілді, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар таңғы уақытта 4 жеңіл автокөлік және 1 трактормен Жезқазған қаласынан Шалакөл кен орнына жол жүрген.
Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 14 наурыз 07:30-да жоғалған адамдар оңтүстік-батыс бағытта Жезқазған қаласынан 180 шақырым жерден табылды, - делінген хабарламада.