1119
Жел, бұрқасын: 16 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Ел бойынша тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі
«Қазгидромет» РМК 16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Сонымен қатар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, күндіз елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек ҚР-ның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ел бойынша тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.