Тоқаев «AMANAT» партиясы фракциясының бастамасымен есірткі бизнесін тоқтату туралы заң жобасы әзірленгенін айтты

«Amanat» партиясы фракциясының бастамасымен осы мәселе бойынша тиісті заң жобасы әзірленді.

Тоқаев «AMANAT» партиясы фракциясының бастамасымен есірткі бизнесін тоқтату туралы заң жобасы әзірленгенін айтты
akorda.kz
737

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде есірткіні тасымалдауға қарсы кешенді жұмыс жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.


«Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін кешенді жоспар қабылдадық. Үкімет лудоманиямен күреске қатысты дәл сондай жоспар қабылдауы керек. Құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажет. «Amanat» партиясы фракциясының бастамасымен осы мәселе бойынша тиісті заң жобасы әзірленді. Парламентте қаралып жатқан сол жобаны осы сессияның соңына дейін қабылдау қажет.

Біз жастардың құмар ойынға салынып, арзан табысқа ұмтылуына жол бермеуіміз керек. Адал еңбекпен тапқан табыс қана берекелі болады», – деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары