Ірі балық ұстаған тұрғын 32 жылғы рекордты жаңартты

Ал оған дейінгі рекорд 1992 жылы тіркелген болатын.

Ірі балық ұстаған тұрғын 32 жылғы рекордты жаңартты
pixabay.com

Индиана штатының тұрғыны (АҚШ) ірі алабұғаны қармағына түсіріп, 1992 жылдан бері мұрты бұзылмай тұрған рекордты жаңартты, деп хабарлайды turkystan.kz Reporter-Times-ке сілтеме жасап.

60 жастағы Рекс Ремингтон Монро өзенінде балық аулау кезінде салмағы 3,7 келі болатын балық ұстап алған. Ал оған дейін 1992 жылы рекорд ретінде тіркелген, қармаққа түскен балықтың салмағы 3,3 келі болатын.

Ремингтон оның салмағын өлшеу үшін супермаркетке алып барған. Ол жердегілер әлгі балықты сертификатталған таразыда өлшеген. Сосын ол Индиана табиғи ресурстар басқармасы өкілдерінің көзінше балықты қайта өзенге жібере салған.