205 дана киік мүйізін Қытайға шығармақ болған қазақстандық ұсталды

Қазір ҚР заңнамасында көзделген процессуалдық әрекеттер жүргізілуде.

205 дана киік мүйізін Қытайға шығармақ болған қазақстандық ұсталды
Мемлекеттік кірістер комитеті
770

Жетісу облысында киік мүйіздерін Қытайға заңсыз шығармақ болған Қазақстан азаматы анықталды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Биыл 13 наурызда Жетісу облысы бойынша «Қорғас ХШЫО» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Toyota көлігін тоқтатқан. Қазақстан азаматы басқарған көлікті тексеру барысында қосалқы дөңгелектерде жасырылған 205 дана ақбөкен мүйізі табылды. Көлік Қазақстаннан «Қорғас ХШЫО» АЭА аумағына келе жатқан.

Қазір заңға сәйке процессуалды әрекет жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары