Жоғарғы Соттың судьясы БАҚ-тың сот процестеріне кіріп, хабар таратуы туралы пікір айтты

"Сот залына кейде барлық журналистер мен операторлар сыймай жатады. Ондай кезде БАҚ-қа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қолда бар технологиялар сәтті қолданылады. Процестің онлайн трансляциясы басқа бөлмеде көрсетіледі, - дейді судья.

Жоғарғы Соттың судьясы БАҚ-тың сот процестеріне кіріп, хабар таратуы туралы пікір айтты
сурет: «Голос народа»
747

Жоғарғы Соттың судьясы Назгүл Рахметуллина БАҚ-тың сот процестеріне кіріп, хабар таратуы туралы бірқатар сұраққа жауап беріп, кей мәселелерді айқындады.

”БАҚ өкілдерін сот отырыстарына кіргізбейді” дегенді жиі оқимын. Жариялылық дегеніміз не? Бұл ұғымның мазмұны Жоғарғы Соттың «Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізудің ашықтығы қағидатын сақтау туралы» нормативтік қаулысымен түсіндірілген. Сот ісін жүргізудің жариялылығын ашық сот талқылауын өткізу ғана емес, оған тараптардың қатысуын, іске қатыспайтын басқа тұлғалардың қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету деп түсіну керек. Бұл принципке сот шешімін көпшілік алдында жария ету жатады, - дейді ол.

Судьяның сөзінше, осылайша, ашықтық принципі сақталатын шарттарды анықтауға болады. Оның негізгі екі негізгі шарты бар екенін атап көрсетті.

Бірінші. Сот отырысына процеске қатысушылар жіберіледі және қатысады.Бұл тек мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші(лер), олардың ресми өкілдері, сотталушы(лар), олардың қорғаушылары (тиісті қаулымен жіберілген жақын туыстары), қорғаушы-адвокаттар. Сот талқылауының басты мақсаты – қылмыстық істі шешу, әділ үкім шығару екенін ұмытпауымыз керек. Осыған сәйкес сот, ең алдымен, айыптау және қорғау тараптарына олардың құқықтарын кедергісіз және толық қорғау үшін жағдай жасауға міндетті.

Екінші. Сот талқылауы ашық түрде өтеді. Яғни, процесс туралы ақпарат барлығына қолжетімді болуы керек: не болып жатыр, кім айтып жатыр, не айтады және т.б. Сот залына кейде барлық журналистер мен операторлар сыймай жатады. Ондай кезде БАҚ-қа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қолда бар технологиялар сәтті қолданылады. Процестің онлайн трансляциясы басқа бөлмеде көрсетіледі, - дейді судья.

Назгүл Рахметуллина "БАҚ өкілдері көрші бөлмеде отырса және сот процесін басынан аяғына дейін бақылап, бәрін жазып алып, онлайн жариялауға мүмкіндігі болса, “БАҚ-ты сот отырысы залына жібермеді” деп айта аламыз ба? деген сұраққа да жауап берді.

Меніңше, жоқ. Сот – қоғамның бір бөлігі. Онда сіз сияқты еліміздің азаматтары жұмыс істейді.
Мысалы, сотта немесе басқа да қоғамдық орындарда өзімізді ұстауымыз - өзімізді қаншалықты құрметтейтінімізді, тәрбие деңгейін, өзін-өзі ұстау мәдениетін көрсетеді. Бұл – жас ұрпаққа үлгі, әлем жұртшылығы алдындағы біздің “кескін-келбетіміз” - дейді судья.

Серіктес жаңалықтары