Атыраулық әйел туған балаларын сатып жіберген

Сот үкімімен балаларын сатқан және алаяқтық жасаған ана 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Атыраулық әйел туған балаларын сатып жіберген
pixabay
932

Атырау қаласында жаңа туған сәбилерін сатып жіберген әйелдің аппеляциялық шағымы қаралды. Бұл туралы Облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, жауапқа тартылған әйел жүкті болып жүргенде материалдық жағдайын жақсарту мақсатында баласы дүниеге келгеннен кейін сатып жіберуге шешім қабылдады. Бір отбасымен де келіскен. Ал босанғаннан кейін жаңа туған нәрестені сатып жіберді.

Уақыт өте келе, тағы жүкті болады. Сол кезде алаяқтық жолмен ақша табуға бел байлайды. Екі отбасыға туатын баласын белгілі бір соммаға сатуға уәде береді. Бірақ ақшасын алып, қашып кеткен. Жәбірленушілер 2,3 млн теңгеден айырылды. Ал алаяқ ана басқа отбасымен келісім жасаған. Олар бала дүниеге келгенше шотына ақша аударып тұрған. Сосын жаңа туған нәрестені солар алып кеткен. Отбасылық жұптар балаларды ақшаға сатып алып, балалардың туу туралы куәліктеріне өз аттарын жаздырып алған.

Сот үкімімен балаларын сатқан және алаяқтық жасаған ана 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал нәрестелерді сатып алған отбасылар шартты түрде үш жылға сотталды. Барлығы апелляциялық шағым түсірді.

Апелляциялық алқа бұған дейінгі сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Серіктес жаңалықтары