Әзербайжанда Қазақстан президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Әзербайжанда Қазақстан президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
akorda.kz
825

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына барды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Серіктес жаңалықтары