10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Qazaqstan TV

"Қазгидромет" мамандары 11 наурызға арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп жазады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Павлодар облысында аздаған жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Атырау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде-күндіз қар жауып, бұрқасын болады. Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады.

Сондай-ақ 3 облыста Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбеде қалың тұман түседі деп болжанған.