Алты өңірде қалың тұман түседі – ҚазАвтоЖол

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп болжанады

Алты өңірде қалың тұман түседі – ҚазАвтоЖол
Nur.kz

ҚазАвтоЖол еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәліметті жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп болжанады.

Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген ақпаратта.