Жайық өзенінен өтіп бара жатқан екі жасөспірім мұз астына түсіп кетті

Оқиға орнына үш құтқарушы мен бір бірлік техника жұмылдырылды.

Жайық өзенінен өтіп бара жатқан екі жасөспірім мұз астына түсіп кетті
pixabay.com

2007 жылы туған екі жасөспірім Жайық өзенінен өтіп бара жатқанда мұз астына түсіп кетті, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кеше, 7 наурызда Атыраудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жанында болған.

Құтқарушылар жасөспірімдерді судан шығарылып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Оқиға орнына үш құтқарушы мен бір бірлік техника жұмылдырылды.