Көкпаршы Ал­тынай

Ауыздығымен алысып, жер тарпыған асауды бағындырған қыздардың бірі – Ал­тынай Еркінбек. Ол Алматы облысы Ке­ген ауданы Жалаңаш ауылында туып-өс­кен. Ес білгелі әкесі мал шаруашы­лы­ғы­мен айналысып келеді. Сондықтан бо­лар Алтынай қатарлас құрбылары се­­­кілді қуыршақ ойнап, құрақ құрап, кес­те тігуге аса қызықпады. Екі көзі қора жақ­та, есіл-дерті жылқыда болады. Осы­ны байқаған әкесі 4-5 жасынан бастап жыл­қыға мінгізеді. Содан бері он жылдан ас­там уақыт өтсе де, ат үстінен түскен жоқ.

Көкпаршы Ал­тынай
сурет: Ернар Алмабек
1339

Ауыздығымен алысып, жер тарпыған асауды бағындырған қыздардың бірі – Ал­тынай Еркінбек. Ол Алматы облысы Ке­ген ауданы Жалаңаш ауылында туып-өс­кен. Ес білгелі әкесі мал шаруашы­лы­ғы­мен айналысып келеді. Сондықтан бо­лар Алтынай қатарлас құрбылары се­­­кілді қуыршақ ойнап, құрақ құрап, кес­те тігуге аса қызықпады. Екі көзі қора жақ­та, есіл-дерті жылқыда болады.

Осы­ны байқаған әкесі 4-5 жасынан бастап жыл­қыға мінгізеді. Содан бері он жылдан ас­там уақыт өтсе де, ат үстінен түскен жоқ.   

Көшпенділердің бала-шағасынан бастап әйелдеріне дейін ат құлағында ой­наған. Ат жаратып, бәйгеге қосқан әйел­дер аз болмаған. Қобыланды батыр­дың сүйіктісі Құртқа сұлудың Тайбурыл­ды қалай баптағанын тарихтан білеміз. Соңғы жылдары ата-баба дәстүрін ұмыт­па­ған, ұлттық спорт түрлерін ұлықтаған қа­зақ қыздары көбейіп келеді. Аттың құ­лағында ойнайтын каскадер, ерлермен иық тіресіп салым салатын көкпаршы, үйір-үйір жылқы бағуды кәсіп еткен жыл­қышы, аң аулап, құс салатын құсбегі қа­зақ қыздарын көргенде көңілің қуа­нып, көзің сүйсінеді.

Ауыздығымен алысып, жер тарпыған асауды бағындырған қыздардың бірі – Ал­тынай Еркінбек. Ол Алматы облысы Ке­ген ауданы Жалаңаш ауылында туып-өс­кен. Ес білгелі әкесі мал шаруашы­лы­ғы­мен айналысып келеді. Сондықтан бо­лар Алтынай қатарлас құрбылары се­­­кілді қуыршақ ойнап, құрақ құрап, кес­те тігуге аса қызықпады. Екі көзі қора жақ­та, есіл-дерті жылқыда болады. Осы­ны байқаған әкесі 4-5 жасынан бастап жыл­қыға мінгізеді. Содан бері он жылдан ас­там уақыт өтсе де, ат үстінен түскен жоқ.   

– Ат баптауды әкемнен үйрендім. Сол кісіге қолғабыс бола жүріп, жылқы күту­дің қыр-сырын меңгере бастадым. Аттың жем-шөбін уақытылы беру, 3-4 сағат бап­тау, суыту, көкпарға дайындау оңай шаруа емес. Жылқы малына жем-шөбін бе­ріп қоя салу жеткіліксіз. Олар адамның дауы­сына қарап, көңіл күйін біле алады. Әсі­ресе, иесінің қандай күйде тұрғанын бір­ден сезеді. Жылқының есте сақтау қа­­­білеті де керемет. Олар өзіне қатал қа­раған адамды өмір бойы есте сақтай ала­ды. Сонымен қатар адамның жақсы кө­ріп тұрғанын, қамқорлығын, махабба­тын сезеді, – деді көкпаршы қыз. 

Алтынай – үйінің жалғыз ерке қызы. Сон­дықтан болар өр мінезді. Кіш­кен­тайы­нан жылқыға үйірсек қыз ауылында көк­пар тартып жүрген жігіттерді көріп, қат­ты қызығатын. Біраз уақыт сырттай ба­қылайды. Ақыры, көкпарға қатысқысы ке­летінін әкесіне айтады. Қызының жыл­қыға қызығушылығы ерекше екенін көр­генімен, көкпар туралы айтқанда әке­сі тосылып қалады. Бірақ ерке қызы­ның алған бетінен қайтпайтын қайсар­лы­ғын білетін әке батасын береді. Ал ана­сы қызының бұл ойына әу бастан қар­сы болады. «Көкпар – қыз баланың қо­лы емес» деп құптамайды. «Баласы бәй­ге шапса, анасы үйде отырып тақы­мын қысар» деген қазақ. Ер жігіттермен иық тірестіріп, күш сынасу қыз балаға оңай емес. Оның үстіне қазақта қыз бала көк­парға шаппаған деп, елдің сөзіне де елең­дейді. Осының бәрін ойлаған ана жү­рек қызының тағдырына қатты алаң­дайды. Алайда қызының ерекше қа­бі­ле­тін байқап, жолын байламай, тілекші бо­­­­лады.   

Алтынай спортты ұл не қыз деп жы­ныс­қа бөлудің қажеті жоқ деп санайды. Оның айтуынша, халқымыз қызын ұлымен тең өсірген. 

– «Ел іші – өнер кеніші» деп бекер ай­­­тыл­маған. Тарихымызда әйелдер ара­сы­нан шыққан өнерпаздар, шеберлер мен палуандар жайлы естіп өстік. Сондықтан қыз баланың көкпар ойнауы еліміздегі де­мократияның көрінісі. Қыз, ұл деп бө­лін­геннен гөрі, ұлттық ойындар төңіре­гін­де ұйысқанымыз әлдеқайда маңызды. Мажарлар осыдан 2 жыл бұрын наурыз мерекесінде қыздар арасында көкпар ұйым­дастырды. Біз де осылай қыздар ара­сында көкпар ойынын дамыта ала­мыз,  – деп түйіндеді ойын Алтынай.

Көкпар ойынына тек жүрек жұтқан ба­тырлар мен табандылар ғана тәуекелге бел буып қатысады. Одан бөлек жыл­дам­дық пен ұтқырлық керек. Көкпар адам­ның бойындағы қайсарлық пен батыр­лық қасиеттерін шыңдайды. Сонымен қатар ойыншылардан әрдайым физи­ка­лық және эмоциялық тұрғыдан дайын­дық­ты, қарсыластардың күшін дұрыс ба­ғалауды, астындағы атын бас­қара алу­ды талап етеді. Бір қызығы, көкпар адам­ның ешбір жаттығу қозғай алмай­тын бұлшықеттерінің жұмысын жақ­сар­тады екен. Ойыншы аттың үстінде мы­ғым отырып, салым салу үшін бар епті­лі­гін, батылдығын, күш-жігері мен тө­зім­ді­лігін көрсетпесе, олжадан құр қалады.

– Ер адамдармен көкпар тартысқан оңай емес. Оның үстіне ойыншылар ара­сын­дағы жалғыз қыз бала болғандықтан көп­тің назары сенде болады. Бірақ көк­пар­дың ішіне кіргеннен кейін ол сезім­дер­дің барлығы ұмытылып кетеді.  Көк­пар тартып жүргеніме екі жылдай болды. Ең бірінші рет салымды жігіттер көмек­те­сіп, алдыма өңгеріп берді. Сол сәтті еш­қашан ұмытпаспын. Делебем қозып, ар­қаланып, ерекше сезімге бөлендім. Мұ­ны сөзбен жеткізу мүмкін емес, тек өзі сезінген адам ғана түсіне алады. Мен кез келген асау атқа, тіпті бәйге аттарына да мініп, шаба аламын. Арасында асау ат­тардан құлаған кездерім де болды. Жыл­қыны бағындыру үшін, ең алдымен, күш емес, мінез керек дейді. Егер атқа дұ­рыс отырмасаң, ол қырсығып алады. Ал маған жылқымен тіл табысып, сөй­ле­сіп, сырымды айтқан ұнайды. Солай жуа­сытып, еркін қарғыта аламын, – дей­ді көкпаршы қыз.

Әңгіме барысында Алтынай бола­шақ­та актриса болғысы келетінін айтты. Былтыр 9-сыныпты бітіргеннен кейін Т.Жүр­генов атындағы Өнер академия­сы­ның колледжіне барып көреді, ондағылар дайындық керек екенін айтқан соң босқа уақыт жоғалтпайын деп Талғар ауданын­дағы медициналық колледжге оқуға тү­се­ді. Қазір 1-курс студенті. Алған беті­нен қайт­пайтын қайсар қыз биыл тағы да Өнер колледжіне оқуға тапсырып, бағын сынап көрмек.

– Армандарым біртіндеп орындалып жа­тыр. Ең әуелі көкпаршы қыз болдым. Ел арасында атым аталып, таныла бас­та­дым. Халықтың жылы лебізіне бөлендім. Был­тыр «Шабандоз қыз» атты фильмге түс­тім. Қазір Ақбұлақ деген жерде кас­тинг­ке қатысып жатырмын. Болашақта Nomad Stunts командасындағы каска­дер­лер қатарына қосылғым келеді. Ат үстін­де қылыштасқан қыздың рөлін сомдап, тарихи фильмдерге түскім келеді. Өзім би үйірмесіне қатысқанмын, билегенді де жақсы көремін. Болашақта бойымдағы бар­лық қабілетімді ұштап, өзімді дамы­тып, ұлттық спорт, кино, өнер саласына өз үлесімді қосқым келеді, – дейді арма­ны асқақ Алтынай.

Бүгінде студент қыз оқудан қолы бо­са­ғанда ауыл арасында көкпарға, қыз қуу ойынына қатысады. Қарапайым­ды­лық пен нәзіктікті, қайсарлық пен өжет­тікті бір бойына сыйдырған көкпаршы қы­зымыздың армандары орындалып, өмір жолы ашық болсын деп тілейміз. Атың сүрінбесін, Алтынай!

Серіктес жаңалықтары