2319
Атырауда спорт басқармасының басшысы ұсталды
Ол спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына бөлінген қаражаттан 1,2 млн теңге талап еткен.
Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы парамен ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаменті дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуге кірісті.
"Лауазымды тұлға спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына бөлінген қаражаттан 1,2 млн теңге сомасында пара алғаны үшін айыпталып отыр. Тергеу жалғасып жатыр", - деді агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов брифингте.