Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы көркем жүзуден чемпион атанды

Қазақстандық спортшылар 204.6708 ұпай жинап, жеңіске жетті

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы көркем жүзуден чемпион атанды
qaz_olympics

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден Қазақстан құрамасы аралас топтық сайыста чемпион атанды, деп жазады turkystan.kz.

Ел құрамасында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманшалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшылар 204.6708 ұпай жинап, жеңіске жетті.