10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ертең ауа райы қандай болады?

10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ашық дереккөз

«Қазгидромет» Астана мен 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Ертең Астана мен Павлодар облысында жаяу бұрқасын болып, секундына 15 метр жылдамдықпен екпінді жел соғады.

Түркістан облысында тұман түсіп, жаңбыр жауады.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі.

Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түседі.

Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.