Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

3 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ашық дереккөз

Астана мен 6 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады turkystan.kz.

3 наурыз күні Астана мен Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Жетісу облысында тұман түсіп, екпінді жел соғады. Түркістан облысында екпінді жел соғып, жауын жауады. Өскемен мен Риддерде жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасу ықтималдылығына байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды.