838
Тұман, боран, көктайғақ: бүгін ауа райы қандай болады?
2 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
2 наурызда еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауады.
Республика бойынша тұман түседі. Оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.