Әнші Динара Сұлтан анасына салоннан жаңа көлік сыйлады

Әнші анасына салоннан жаңа көлік сыйлаған.

Әнші Динара Сұлтан анасына салоннан жаңа көлік сыйлады
365info.kz

Танымал әнші Динара Сұлтан анасының туған күнінде оған тосынсый жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші аяулы анасына салоннан жаңа көлік сыйлаған.

«Әр баланың арманы – анасын қуанту, үмітін ақтау. Анамыздың мерей тойына орай, күйеу баласымен Changan дилерлік орталығынан даралығымен ерекшелей түсетін және жолда сенімділікті қамтамасыз ететін керемет көлікті сыйға тарттық», – деп жазды Динара Сұлтан.

Ал қызынан сыйлық алған анасы қуанышын жасыра алмай, оған алғысын айтты.