Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстандық арулар эстафетадан чемпион атанды

А тобының әйелдер эстафетасында Азия чемпионаты мен Қазақстан рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды.

Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстандық арулар эстафетадан чемпион атанды
qaz_olympics
746

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатының үшінші жарыс күні Қазақстан арулары эстафетадан чемпион атанды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform- ға сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, Қазақстан құрамасы (Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, Софья Сподаренко, Диана Тасжанова) А тобының әйелдер эстафетасында Азия чемпионаты мен Қазақстан рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды.

Ал ерлер командасы (Алексей Крученко, Максим Сказобцов, Егор Василенко, Даниил Черепанов) В тобында эстафетада күміс жүлде иеленді.

Жүзу. Әйелдер. А тобы. Эстафета (4х100) аралас әдіс

1-орын - Қазақстан - 4:10.78
2-орын - Таиланд - 4:17.20
3-орын - Гонконг - 4:23.97

Жүзу. Ерлер. В тобы. Эстафета (4х100) еркін әдіс

1-орын - Жапония - 7:31.13
2-орын - Қазақстан - 7:41.08
3-орын - Тайпей - 7:42.66

 

Серіктес жаңалықтары