Алматыда бірнеше такси жүргізушісін алдаған күдікті қолға түсті

Ер адам бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотты болған.

Алматыда бірнеше такси жүргізушісін алдаған күдікті қолға түсті
polisia.kz
866

Алматыда бірнеше такси жүргізушісін алдаған күдікті қолға түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

27 жастағы С.есімді азамат қаланың кемінде төрт тұрғынын алдап кеткен. Келтірілген шығын көлемдері 10-15 мың теңге аралығында болды.

«Тергеу барысында қаскөйдің такси шақырғаны белгілі болды. Жолда жүргізушімен сөйлесіп, оның сеніміне кіріп, біраз уақытқа белгілі бір соманы қарызға бере тұруын өтініп, «жұмысқа» қайта барған соң қайтарып беруге уәде еткен. Кейбір такси жүргізушілері еш ойланбастан белгісіз біреуге көмектесті. Қазіргі уақытта бізге 4 адам арызбен жүгінді. Күдікті ұсталды», – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің басшысы Әбдінұр Тасыбаев.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, ер адам бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотты болған.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

 

Серіктес жаңалықтары