Астана әуежайынан өрт шықты

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана әуежайынан өрт шықты
Астана әуежайы. Фото: ҚР ТЖМ

Астанадағы халықаралық әуежайдан өрт шықты.

Астана қаласы халықаралық әуежай №1 терминалдың электр панель бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін, эвакуация жүргізілуде, - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ ТЖМ жолаушылар мен әуежай қызметкерлері эвакуацияланғанын айтты.

Сағат 08:24-те өрт сөндірілді, - деп нақтылады министрліктен.