Еліміздегі министрлердің орташа жасы қанша?

Ең үлкені – экология және табиғи ресурстар министрі.

Еліміздегі министрлердің орташа жасы қанша?
baq.kz/Артем Чурсинов
1265

Биыл 20 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстандағы министрлердің орташа жасы 49,9 жасты құрады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ranking.kz сайтының дерегінше, ең үлкені – экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев: 62,5 жаста. Одан кейін қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы Жақсылықов (58 жас) және ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпеллұлы Сапаров (57,7 жас).

Ең жас министр — Марат Кәрімжанұлы Қарабаев, ол небәрі 36,6 жаста. Одан кейін төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлы Арынов (40,3 жас) және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин (41 жас).

Ranking.kz редакциясы ЕАЭО елдері министрлерінің жасын да зерттеді. Бүгінде бес елдің министрлерінің орташа жасы 50,9 жасты құрайды. Қазақстанда 21 министрдің 10-ның жасы осы орташадан жоғары.

Армения министрлер кабинетін* ЕАЭО елдеріндегі министрлердің ең жас құрамы деп санауға болады: 40,9 жас. Ең кәрі құрам — Ресей министрлері, олардың орташа жасы 55,1. Қырғызстанда министрлердің орташа жасы 52,6, Беларусьте 51,6.

 

Серіктес жаңалықтары