Астанада әйел автобус жүріп келе жатқанда құлап кетті

Қазір әйелге не болып жатқаны белгісіз

Астанада әйел автобус жүріп келе жатқанда құлап кетті
astanatv.kz

Қазнетте әйелдің автобустан құлап кеткені түсірілген видео тарап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода адам лық толы автобусқа әйелдің кіріп, есіктері жабылып жатқанын көруге болады. Есіктер қайта ашылып, әйел одан құлаған кезде автобус қозғала бастайды. Алайда автобус жүргізушісі тоқтамайды. Қазір әйелге не болып жатқаны белгісіз.

Видео авторлары оқиғаның 24 ақпан күні таңертең Астанада болғанын алға тартады.

Желі қолданушылары жүргізушінің бұл әрекетіне де, қоғамдық көлікті тоқтатпайтын жолаушыларға да наразы болды.