Қарағандылық әйел аязда сәбиін көшеге тастап кеткен

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағандылық әйел аязда сәбиін көшеге тастап кеткен
polisia.kz

Қарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Мәлімет бойынша, полицияға ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны туралы хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оның анасын іздестіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.