38 градус аяз: 25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Еліміз бойынша тұман күтіледі

38 градус аяз: 25 ақпанға арналған ауа райы болжамы
el.kz

«Қазгидромет» 25 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Солтүстік және орталық Қазақстанда 10-23°С дейін күн суытады. Ал Шығыс Қазақстанда 23-38°С аяз болады деп күтіледі.

Қазақстан бойынша тұман күтіледі.