СҚО-да өртенген үйден әйелдің мәйіті табылды

Өртенген үйден 73 жастағы үй иесінің денесі табылды.

СҚО-да өртенген үйден әйелдің мәйіті табылды
СҚО ТЖД
809

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында жер үй өртеніп кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Өкінішке қарай, өртенген үйден 73 жастағы үй иесінің денесі табылды.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Новоукраинка елді мекені Армянская көшесінде тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар «101» арнасына сағат 1.30 шамасында түскен.

Елді мекенге ең жақын өрт сөндіру бөлімшесі 10 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Тұрғын үйдің жалпы аумағы 200 шаршы метр, өрт 96 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан осы үйдің иесі 1951 жылы туған әйелдің денесі табылды. Көршілерінің айтуынша, ол жалғыз тұрып келген. Алдын ала болжам бойынша, пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған», – делінген хабарламада.

Өртті жеке құрамнан 6 адам және 2 арнайы техника үш сағаттың ішінде толық сөндірді.

Серіктес жаңалықтары