834
42 градусқа дейін аяз: Бүгінгі ауа райы болжамы
Қазгидромет синопиктері 23 ақпан, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.
Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады.
Көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді.
Қазақстан бойынша тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз, Абай облысынң шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.