«Оқиға қайталанды»: Роза Әлқожа сахнада құлап, аяғын ауыртып алды

Ол желідегі оқырмандарына аяғын сындырып алғанын жеткізді.

«Оқиға қайталанды»: Роза Әлқожа сахнада құлап, аяғын ауыртып алды
apkpure.com

Танымал әнші Роза Әлқожа сахнада аяғын қайырып, тобығын жарып алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ғайыптан тайып, құлап отырмын. Сынықшы апамның үйінен бір-ақ шықтым. Рзагүл апа осыдан жеті жыл бұрын да аяғымды салып беріп еді. Сол оқиға тағы қайталанды. Сахнада құлап, аяғымды ауыртқанда да осы кісіге келіп едім. Қасымда жүрген інілерімнің қалай алып келгенін айтпай-ақ қояйын,– деп жазды Роза Әлқожа.