Қарағанды облысында хакер мемлекеттік қызмет көрсету сайтына шабуыл жасаған

Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды

Қарағанды облысында хакер мемлекеттік қызмет көрсету сайтына шабуыл жасаған
ҰҚК баспасөз қызметі
1128

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік қызмет көрсету сайтына шабуыл жасаған хакерді ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасауда күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады.

«Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды. Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден артық құрады», – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Серіктес жаңалықтары