Қостанайда телефон тауып алған жігіт бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Полицияға телефонын жоғалтып алған әйел жүгінген.

Қостанайда телефон тауып алған жігіт бас бостандығынан айырылуы мүмкін
polisia.kz

Қостанайда өзгенің телефонын тауып алған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға телефонын жоғалтып алған әйел жүгінген. Оның айтуынша, ұялы телефонын жоғалтып алғаннан кейін банк картасындағы ақшаның азайғанын байқаған. Телефонды тауып алған жас жігіт интернет-банкинг арқылы өзінің атына 378 мың теңге сомасында ақша аударған.
 

«Полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысы бар 23 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Ақпараттық жүйені пайдалана отырып жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров.

Полицейлер азаматтарға телефонға Face ID, ал банктік мобильді косымшаларында кұпия сөзді орнатуға шакырады.