Павлодарда Израиль азаматы 15 тәулікке қамауға алынды

Сот қаулысымен азамат 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Павлодарда Израиль азаматы 15 тәулікке қамауға алынды
polisia.kz

Павлодарда Израиль азаматы 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Полицейлер Қазақстанда тұруға рұқсаты бар Израиль азаматының мас күйінде автокөлікті жүргізу фактісінің жолын кесті.

«Жүргізуші Павлодарға «Rally-2024» спорттық шоуына қатысу үшін келген. Көлікті мас күйде басқарған азамат жазаланды. Сот қаулысымен ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды», – делінген хабарламада.