9 өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді.

9 өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
ҚазАвтоЖол
941

20 ақпан сағат 06.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста республикалық маңызы бар 30 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Абай облысы - жалпы ұзындығы 2174 км 7 автожол (температураның төмендеуі)

Облыс бойынша барлық бағыттар бойынша (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін) (боран, жел, көрінудің шектелуі) "Омбы-Майқапшағай" км. 915-1002, уч. Қалбатау ауылы - Көкпекті ауылы (барлық көлік үшін);

Ақмола облысы – жалпы ұзындығы 41 км 1 автожол (Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. "Астана-Ерейментау-Шідерті" км 159-200, Ерейментау, Павлодар облысы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).

Шығыс Қазақстан облысы – жалпы ұзындығы 1268 км 7 автожол (температураның төмендеуі). 

Облыс бойынша барлық бағыттар (қоғамдық көліктер және дизельдік көліктер).

Жамбыл облысы - жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (температураның төмендеуі).

1."Алматы - Ташкент-Термез" Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық түрлер үшін).

Жетісу облысы - жалпы ұзындығы 58 км 1 автожол (Абай облысының ауа-райының нашарлауына байланысты қар, боран, жел, көрінуі шектеулі)

1 "Алматы-Өскемен"  557-615 км, Үшарал қаласы – Абай облысы (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер)

Қарағанды облысы – жалпы ұзындығы 732 км 4 автожол (ауа райының нашарлауына байланысты Ұлытау, Абай, Павлодар облыстары)

1. "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 217-320 км, Қарқаралы-Абай обл. (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін)

2 "Қызылорда-Павлодар" 788-906 км, Ұлытау ауданы – Топар ауылы (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер)

3. "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 231-324 км, Павлодар обл.-Ботақара. б.(қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін) (температураның төмендеуі)

4. "Екатеринбург-Алматы" 1505-1854 км, Жаңа құрылыс ауылы – Балқаш қаласы ( қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).

Қостанай облысы - жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. "Жезқазған-Петропавл" – Ұлытау облысы-Арқалық қ. Барлық көлік түрлері)

Павлодар облысы - жалпы ұзындығы 1624 км 8 автожол (ауа температурасының төмендеуі)

1. Барлық облыстар, барлық бағыттары (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін)

Ұлытау облысы - жалпы ұзындығы 543 км 2 автожол (боран, жел, температураның төмендеуі)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Қостанай облысы-Ұлытау ауылы (барлық көлік түрі) Жезді-Ұлытау ауылы. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)

2. "Қызылорда-Павлодар" - Қарағанды облысы-Жезқазған қаласы. (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).

Ағымдағы сағатқа Республикалық маңызы бар автожолдарда 211 бірлік техника және 318 адам жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары