45 градус аяз: 19 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталықта жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі

45 градус аяз: 19 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Astana.gov.kz
1726

Қазгидромет мәліметі бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын күтіледі, деп жазады turkystan.kz.

Республиканың оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталықта жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Жетісу облысында – 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында – 45 градус өте қатты аяз болады деп күтілуде. Қарағанды ​​облысының солтүстігі мен шығысында 35-39 градусқа дейін қатты аяз сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 33-35, күндіз 23-25 градус аяз.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23 градус, күндіз 12-14 градус аяз.

Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 8-13, жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 0-2 градус суық.

Серіктес жаңалықтары